Our website uses necessary cookies to enable basic functions and optional cookies to help us to enhance your user experience. Learn more about our cookie policy by clicking "Learn More".
Accept All Only Necessary Cookies
Iman negizderi 圖標

1.0 by Aimurat Torebaev


2016年01月16日

關於Iman negizderi

中文(繁體)

伊斯蘭教dіnіnegіzderі

Барлық мадақ пен мақтау бүкіл әлемдердің жаратушысы – Аллаһ Тағалаға тән. Екі дүниенің нұры Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) және оның отбасына, ардақты сахабаларына Ұлық Жаратушының сәлемі мен нұры жаусын!

Қадірменді оқырман қауым, Аллаһ Тағала бір мезетте бүкіл ғаламды жоқтан бар еткені секілді адамды да топырақтан жаратты. Хазіреті Адам атаны жаратып, оны өзінің ұрпақтарына пайғамбар етіп жіберудегі мақсаты

- Аллаһты танытып, шексіз құдіретіне иман келтіріп, Оған құлшылық ету болатын. Сол себепті дініміздегі бұйрықтарды ескере отырып, мұсылман халқымызға қажет болған «Ислам тарихы», «Ислам әдебі» атты оқу құралдары жарық көрген Сейтбеков Смайылдың еңбектері жалғасын тауып, діни-руханият һәм ғылым қамтылған Аллаһтың пайғамбарлар арқылы жіберілген дінімізде- гі иман негіздеріне жеке-жеке тоқталған. Осы ауқымды еңбекте исламның сенім жүйесіндегі әһли сүннет сенімі бойынша жан-жақты баяндалған. Себебі, дініміздегі пенденің сенімі дұрыс болмаса, амалы пайда бермейді. Білмеген нәрсені істеп, күнәға бататынымыз секілді иман шарттарынан бейхабар жүрген жанның имансыздыққа бет түземеуіне кім кепіл? Сондықтан иман негіздері мен оның басты-басты шарттарын әрбір мұсылманның біліп, зердесіне тоқып алғаны абзал.

Бұл кітаптың аса маңызды құндылығы осы уақытқа дейін отандық басылымдардан жарық көрген сенім негіздеріне байланысты еңбектерде тақырыптар кеңінен қамтылмаған шағын көлемде болатын. Ал мұнда иман негіздеріне жүйелі түрде ислам әлемінің, әсіресе араб, түрік тіліндегі жазылған еңбектер молынан пайдаланылуын- да. Сол себепті Смайыл Сейтбековтың қолдарыңыздағы еңбегі сол олқылықтардың орнын толтырудағы қадам.

Кітапта жалпы дін ұғымы мен діндегі сенім түйткілдерінен (иман негіздері) бастап, бірізділікпен тағдырға, қазаға иман ету мәселелеріне дейін сөз бола- ды. Және де автордың тақырыпты баяндаудағы маңызды бір ерекшелігі, әрбір мәселеде көпсөзділікке ұрынбай тақырыпты нақты дәлелдермен яғни, Құран аяттары және хадистермен дәлелдеп отырады. Мұндай мәтіннің көркем не әдеби мәтіннен гөрі, ең алдымен ғылыми еңбек тілі- мен туыс екенін ескеруіміз керек. Себебі, мұнда сенім мәселесі қарастырылғандықтан, әрбір сөздің қорғасындай салмағы бар.

Мысал ретінде «Кәпір және күпірліктің түрлері» атты бір ғана тақырыпты алалық. Автор тақырыптың терминдік жағына жан-жақты тоқталғаннан кейін осы мәселеде аят пен хадистер не дейді деген мәселеге келеді. Аллаһ Тағала Құранда өзіне сенбеген яки қарсы келген пен- делерге ақыреттегі азабын баян ете келіп, олардың жан түршігерлік азапқа душар болатындығын білдіреді. Осы тақырыпты қорыта келе, автор күпірлікке барудың да түрлі себептермен болып жататынын айта келе олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталады. Бұларды жәй тізбектеп келтіріп қана қоймай, әрбіріне анықтама беріп, олардың әрі терминдік әрі шариғи мағынасын қатар пайымдап талдайды. Мұнымен қатар, кітаптың Аллаһ Тағалаға, періштелерге, қасиетті кітаптарға, пайғамбарларға, ақырет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендігіне сену тұрғысындағы тақырыпшаларында да, автор аят пен хадистерге сүйене отырып, тұжырым жасайды. Еңбектің ең ұтымды жері де осы.

Ойымызды түйіндеп айтар болсақ, оқырман қауымға жол тартып отырған бұл еңбек аз да болса сіздердің қажеттіліктеріңізге жарап, еліміздегі діни білімді байытуға себепкер болса нұр үстіне нұр болар еді деген ниеттеміз.

Әбсаттар Қажы Дербісәлі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, профессор

最新版本1.0更新日誌

Last updated on 2016年01月16日

Minor bug fixes and improvements. Install or update to the newest version to check it out!

翻譯中...

更多應用信息

最新版本

請求 Iman negizderi 更新 1.0

上傳者

Frankestenz Escanio Escanio

系統要求

Android 1.6+

更多

Iman negizderi 螢幕截圖

評論載入中...
語言
訂閱APKPure
第一時間獲取熱門安卓遊戲應用的首發體驗,最新資訊和玩法教程。
不,謝謝
訂閱
訂閱成功!
您已訂閱APKPure。
訂閱APKPure
第一時間獲取熱門安卓遊戲應用的首發體驗,最新資訊和玩法教程。
不,謝謝
訂閱
成功!
您已訂閱我們的郵件通知。